Жаңалықтар
1 мин оқу 235
9 айда 7,2 трлн теңге несие берілді
Банктердің экономикаға кредиттерінің қалдығы ағымдағы жылы өзгерген жоқ – 12,7 трлн. теңге. Алайда, 2016 жылғы 9 айда берілген кредиттердің көлемі 525 млрд. теңгеге ұлғайып, 7,2 трлн теңге болды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламентінің Сенатында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Д.Ақышев мәлімдеді. Ұлттық Банк басшысы сондай-ақ теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің қаңтардағы 23,7%-дан қыркүйекте 16,3%-ға дейін төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Бөлісу: