Жаңалықтар
1 мин оқу 372

Ресей және грузин балуандарының күресі төбелеске ұласты (видео)

21-11-16-draka

Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейліктер мен грузиндік балуандар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды sport-express.ru сайты. Боз кілемде күресіп жатқан балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили кездесу аяқталар тұста сөзге келіп қалып, жанжал тудырды. Салдарынан қос балуан төбелесіп, оларды команда бапкерлері тоқтатты. Сондай-ақ, олар төрешілер шешімімен жарыстан қуылды. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша ресейліктер Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан басым түсіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бөлісу:
Ресей және грузин балуандарының күресі төбелеске ұласты (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар