Жаңалықтар
1 мин оқу 385
Әлімханұлы 81 келіде алғашқы жеңіске жетті
Павлодарда өтіп жатқан бокстан Қазақстан біріншілігінде 81 келі салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы Абзал Қуатбековпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ҚазСпорт телеарнасы. Қарашаның 27-не дейін жалғасатын ел біріншілігіне еліміздің барлық облыстарынан келген былғары қолғап шеберлері 10 салмақ категориясы бойынша үздіктерді анықтайды. Жарыстың іріктеу кезеңі 20-24 қараша аралығында өтсе, 26-27 қараша күндері жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер өтеді. Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы орташа салмақ 75 келіде рингке шығып келді.
Бөлісу: