Жаңалықтар
1 мин оқу 213

Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады

bd8a2e5f193d9e794dfea8db3d858ec0_resize_w_520_h_ Мемлекет басшысы Чех Республикасының Сыртқы істері министрі Любомир Заоралекпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. - Чех Республикасы мемлекеттілігінің жеңіл қалыптасу үрдісін бірегей құбылыс деп атауға болады. Еуропадағы экономикалық қиындықтарға қарамастан елдеріңіз қазіргі уақытта қарыштап дамып, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Л.Заоралек Қазақстан Президентіне Чехия Президенті М.Земеннің хатын табыстады және оның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бөлісу:
Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар