Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Баспана – басты қуаныш

Аршалы кентінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде әлеуметтік жағынан мұқтаж тұрғындарға жаңа 16 пәтерлік үйдің кілті табыс етілді.

– Мен бүгін баспаналы болғаныма ерекше қуа­ныштымын. Шы­нымды айтсам, бұлай болады деп тіпті де ой­лаған емес едім. Енді ештеңеге алаңдамай, отбасыммен бақытты ғұ­мыр кешеміз деген ойдамыз. Біздерге осындай қамқорлық танытып жат­қан мемлекетімізге мың алғыс, – деді пат­ро­наттық отбасының тәр­­­биеленушісі Аленя Ря­занов салтанатты шара­дағы сөзінде.

Осынау 16 пә­тер­лі тұр­ғын үйдің құры­лысына бюджеттен 143 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Құ­ры­лыс жұмыстарын бас мердігер «СК Гросс» жауапкершілігі шек­теулі серік­тестігі жүр­гізді. Жаңа тұрғын үй за­манауи талап­тарға сай салынған. Үй­дің маңында автотұрақ және балалар алаңы да қарас­тырылған.

Бөлісу:
Баспана – басты қуаныш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар