Жаңалықтар
1 мин оқу 252

Ресейлік теннисші Қазақстанға ауысады

2016112201282329370_68454ea05975e81ed90b2de8923bfa73_xl Ресейлік теннисші Александр Бублик енді жарыстарға Қазақстанның атынан шығатын болды, деп хабарлайды ТАСС. 19-жасар Бублик қазан айында Мәскеудегі Кремль кубогында ширек финалға дейін жеткен. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында енді бірнеше жыл Қазақстанның атынан шығатынын хабарлаған. "Мен енді Қазақстанды таныта алатыныма қуаныштымын", - деп жазды теннисші. Бүгінгі таңда Александр Бублик АТР рейтінгінде 214 орында тұр.
Бөлісу:
Ресейлік теннисші Қазақстанға ауысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар