Жаңалықтар
1 мин оқу 336

ҰБТ-ға дайындықты қазірден бастау керек – Сағынтаев

sagyntaev Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев ҰБТ-2017 науқанын жоғары деңгейде өткізу үшін мұқият дайындалуды тапсырды. Ол ҰБТ жаңа форматы қабылданған жағдайда дайындық жұмыстарын қазірден бастап кету керектігін айтты. - Тестіні әзірлеушілер мен тестілеу орталықтары қандай сұрақтарды құрастырады? Бұл өте маңызды мәселе. Осыны бақылауға алыңыздар,- деді Б.Сағынтаев. Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев ҰБТ-ның жаңа форматын таныстырған болатын. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".
Бөлісу:
ҰБТ-ға дайындықты қазірден бастау керек – Сағынтаев · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар