Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Қытайда қазақ тілінде фильм түсіріліп жатыр

f3f861d44af4d432391a2e0cb448fba8_resize_w_520_h_ Қытайда қазақ тіліндегі тұңғыш көп сериялды телефилім «Қаңлы хикаясы» Тарбағатай аймағының Толы ауданында түсіріле бастады. Фильмді түсіру қызметі межемен желтоқсан айында аяқтап, келесі жылдың сәуір айында көрерменмен жүздеседі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Халық торабының» мәліметінше, көп сериялды фильм «Қаңлы хикаясының» түсірілім жұмыстары, басталу, аяқталу мерзімі туралы ақпараттар Шинжияң телевидениесінде хабарланған. Аталған телефильмнің режиссері Күрес Қабденұлының айтуынша, сериялдың бас кейіпкері Ақбелдеу ауылы Қаңлы қыстағының жас партия секратары Ұлан есімді азаматтың төңірегінде өрбиді. Фильмде жаңа ғасырдағы қазақ тұрмысы және көшпелілер өмірінің сан қилы тұмыс салты көрініс табады.  
Бөлісу:
Қытайда қазақ тілінде фильм түсіріліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар