Жаңалықтар
3 мин оқу 552

Заң үстемдігіне басымдық – заман талабы

<p>Еліміздің елдігін, халқымыздың бір&shy;лігін, ұлттар мен ұлыстардың та&shy;&shy;ту&shy;лығын, бейбіт өмірдің баян&shy;ды&shy;&shy;лығын айқындайтын, іс жүзінде ола&shy;р&shy;&shy;&shy;&shy;дың жүзеге асуына жол аша&shy;тын сын&shy;&shy;дарлы заңдарымыздың із&shy;гі&shy;лікті сая&shy;&shy;&shy;саты екендігі даусыз. Осы мін&shy;дет&shy;&shy;терді іске асыру үшін мем&shy;ле&shy;кет&shy;тік тұр&shy;ғыдан барлық қолайлы жағ&shy;дай жа&shy;салынып келе жатқаны да әм&shy;бе&shy;ге аян. Экономикамыздың жан&shy;да&shy;нуы, кә&shy;сіпкерліктің қанат жаюы, осы&shy;&shy;ның нәтижесінде халықтың әл-ау&shy;қа&shy;&shy;тының артуы, алдымен, тәр&shy;тіп&shy;ке, &laquo;бір жағадан бас, бір жеңнен қол&raquo; шы&shy;&shy;&shy;ғара білген бірлігімізге тікелей бай&shy;&shy;&shy;ланысты.</p>

aleksandr-aga-1

Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заң үстемдігіне айрықша мән бергендігі белгілі. Өйткені, «100 нақ­ты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлт­тың дамыған мемлекеттердің отыз­ды­ғына кіруі жөніндегі жоспар болып табылады. Соның ішінде, ол елімізге «2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын берік­тік қорын жасап беретін болады деген се­німді де орнықтыра түседі. Ал бұл орайда, заң үстемдігін ны­ғайту барысында тек соттардың тө­ре­лік етуі ғана жақсарып қоймағаны рас. Соның нәтижесінде құқық қор­ғау органдарының қызмет сапасы да арта түсті. Енді бұл мерейлі жетіс­тік­теріміздің одан әрі жалғасын та­ба бе­руі үшін заң үстемдігі нақты өмір­де түпкілікті орнығуы қажет.  Осы ба­­ғыт­та заңдарымыздың мәні мен маз­­мұны, сапасы, негізгі мақсаты уа­қыт талабымен үндесіп, қажеттілікке сай жауапкершілігі де арта бергені жөн. Бұ­лардың қатарында көптеген заң­да­­рымызды атауға болады. Мәселен, олар­дың қатарына Еңбек, Мемлекеттік қыз­метшілердің әдеп кодекстері мен зейнетақы, сақтандыру туралы, сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жә­не жергілікті полиция қызметінің жұ­мыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң­дарды және басқаларды жатқызуға бо­лады. Еңбек кодексінде тың жаңалықтар бар­шылық. Жоғарыда айтып өткені­міз­дей, заңдардың үстемдік алуы қашанда сол уақыт еншісі мен талап мүддесіне сай келуі керек. Соған орай бұл Еңбек ко­дексінде  оң өзгерістермен қатар, жа­ңа талаптар да бой көтерді. Мәселен, он­да енді «өндіріс және орындалатын жұ­мыс пен көрсетілетін қызмет көлемі азай­ып, ұйымның экономикалық жа­ғ­дайының нашарлауына» әсер ет­кен жағдайда келісімшарт жұмыс бе­ру­шінің бастамасы бойынша үзілуі мүм­кіндігі қаралды. Өйткені, Еңбек кодексінде мұндай негіздердің пайда болуы «экономикадағы қалыптасқан жағдаймен» байланыстырыла қаралып отыр. Ал еліміздің мемлекеттік қыз­мет­шілерінің Әдеп кодексінде мемлекеттiк қыз­мет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылатындығы және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдеп­тi­­лiк бейнесiне жоғары талаптар қой­ы­латындығы айтылады. Қоғам мем­ле­- к­ет­тiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жi­­герiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жү­зеге асыратын кәсiби қызметiне жұм­сайды, өзiнiң Отаны – Қазақстан Рес­публикасына қалтқысыз әрi адал қыз­мет етедi деп сенедi. Мемлекеттiк қыз­метшiлер өз қызметiнде Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­са­тын қолдауға және оны дәйектi түрде жү­зеге асыруға тиiс. Кодекс халықтың мемлекеттiк ор­гандарға сенiмiн нығайтуға, мем­ле­­кет­тiк қызметте өзара қарым-қа­ты­настың жоғары мәдениетiн қа­лып­тас­тыру­ға және мемлекеттiк қыз­мет­шi­лердiң әдеп­ке жатпайтын мiнез-құ­лық жағдайлары­ның алдын алуға ба­ғытталған. Мемлекет­тiк қызметшiлер Қазақстан халқының бiрлiгi мен ел­де­гi ұлтаралық келiсiм­дi нығайтуға ық­пал етуге, мемлекет­тiк және басқа тiл­дерге, Қазақстан халқының салт-дәс­түрлерiне құрметпен қарауға; адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қа­былданған моральдық-әдептiлiк нор­маларын сақтауға, азаматтармен жә­не әрiптестерiмен қарым-қатынас­та сы­пайылық пен әдептiлiк таныту­ға; өз­дерi қабылдайтын шешiмдер­дiң заң­дылығы мен әдiлдiгiн қамтама­сыз етуге; шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға; iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс. Сол сияқты енді «Сақтандыру қыз­ме­ті туралы» Заң бойынша жол апатынан кө­­лікке келген зиянды сақтандыру ком­па­ниялары бағаласа, «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша мемлекеттік мекемеде жақын туыс­тардың бiрге қызмет iстеуiне жол бе­рілмейді. Міне, мұның бәрі қа­зіргі уа­қытта ел алдына қойылған мін­дет­терді тал­апқа сай жүзеге асыру үшін аса қажетті ұстанымдар болып табылады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: