Жаңалықтар
1 мин оқу 332

Бағлан Майлыбаев ұсталды - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

20170116125221 2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихинді ұстады, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. 14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.
Бөлісу:
Бағлан Майлыбаев ұсталды - Ұлттық қауіпсіздік комитеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар