Жаңалықтар
1 мин оқу 544
Өзбекстанда 4 еркін экономикалық аймақ құрылады
Өзбекстанда үш емес, төрт еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) құрылатын болады, деп хабарлады centralasian.org. Олар: Самарқан облысында «Ургут», Ферғана облысында «Қоқанд», Бұхара облысында «Гиждуван» және Хорезм облысында «Хазарасп». Ел президенті Шавкат Мирзияевтың тиісті жарлығы 12 қаңтарда жарық көрді.
Жарлыққа сәйкес, еркін экономикалық аймақтың негізгі мақсаты заманауи өндіріс ошақтарын ашу үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту.
Бөлісу: