Жаңалықтар
1 мин оқу 331

ОПЕК+ келісімі өз жемісін бере бастады - Сауд Арабиясы

6 ОПЕК мүшелері мен оған кірмейтін елдер мұнай өндірісін азайту туралы келісімнің міндеттемелерін орындап жатыр, дейді Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих. Бұл туралы РИА Новости жазады. "Мен экспорттаушы елдердің келісім шарттарын орындап жатқанына сенімдімін", - деді министр Әбу Дабидегі Дүниежүзілік энергетикалық форумда. "Оңаша сөйлескенде экспорттаушы мемлекеттер өкілдері ОПЕК+ келісіміне оң қарайтынын айтты. Шикізат нарығы да бұл келісімнің арқасында оңалып, бағаның бірден көтеріліп келе жатқаны байқалады", - деді министр.
Бөлісу:
ОПЕК+ келісімі өз жемісін бере бастады - Сауд Арабиясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар