Жаңалықтар
1 мин оқу 354

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

12 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Ислам бұл жолы бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Ол бүгінге дейін 16 кездесуде жеңіске жетіп, үшеуінде есе жіберген. Сондай-ақ, 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, уақытынан бұрын аяқтаған. Бұған дейін 17 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында қазақстандық боксшы кіші Рой Джонстың кешінде андеркарт ретінде қатысатыны хабарланған. Айқас 10 раундтық форматта өтеді. 16002758_1149115388539550_3432481089563213511_n  
Бөлісу:
Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар