Жаңалықтар
1 мин оқу 240
Иран делегациясы Қазақстанға келді
Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия бойынша келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды осы елдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.
«Бүгін Сыртқы істер министрінің араб және ислам мемлекеттері бойынша орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия дағдарысы бойынша өтетін келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді», делінген хабарламада.
Бөлісу: