Жаңалықтар
1 мин оқу 310
Астана процесі: келіссөз қатысушыларының тізімі жарияланды
Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөздерге қатысатын тараптардың тізімін жариялады.
Ведомство сайтындағы мәліметке сәйкес, келіссөздерге қатысатынын нақтылаған тараптар:
- Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері;
- Сирия оппозициясының өкілдері;
- Ресей Федерациясының өкілдері;
- Түркия Республикасының өкілдері;
- Иран Ислам Республикасының өкілдері;
- АҚШ өкілдері;
- БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі.
Бөлісу: