Жаңалықтар
1 мин оқу 327

Темір жол бойынан үш күнде 30 мың тонна қар шығарылды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 20-23 қаңтар күндері республикалық темір жолдардың бойынан 30 мың тонна қар шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері қар көп жауғандықтан, теміржолшылар пойыздардың тоқтап қалуына жол бермеу үшін үзіліссіз жұмыс істеген.

«20-23 қаңтар аралығында, үш тәулікте 12 мың шақырым темір жол бойы тазаланып, 30 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қар тазалау үшін темір жол шаруашылығы бөлімінің 7 мыңнан аса қызметкері жұылдырылды. Қар тазалау жұмыстарына  200-ге жуық арнайы техника тартылды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Темір жол бойынан үш күнде 30 мың тонна қар шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар