Жаңалықтар
1 мин оқу 386

Лондондағы ЖОО өз студенттерінің электронды поштасын тексеріп отырады

Британиядағы Корольдік колледж бұдан былай студенттер мен профессорлардың электронды поштасын бақылап отыратын болды. Бұл радикализм мен терроризмге қарсы шара ретінде қолға алынып отыр, деп жазады The Independent.
Бұған дейін де елдегі бірнеше жоғарғы оқу орны осындай қадамға барған. Колледждің ішкі поштасының веб парақшасында қолданушының парақшасының қадағаланып отыратыны туралы ескерту беріледі. Егер поштадан күдікті мәлімет байқалса, колледж басшылығы мұны құзіретті органдарға хабарлауға құқылы.  
Бөлісу:
Лондондағы ЖОО өз студенттерінің электронды поштасын тексеріп отырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар