Жаңалықтар
1 мин оқу 341

Усейн Болт Бейжің Олимпиадасының алтынын қайтарды

3 Ямайка құрамасындағы әріптесі Неста Картердің бірер күн бұрын допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты әйгілі желаяқ Усейн Болт 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4 спортшының 100 метрлік эстафетасында жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болды. Бұл «Росбалт» хабарлады. «Медалімді қайтарғым келмейді. Бірақ бұл Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) талабы болғандықтан амалсыз көнуге тура келеді», – деді Болт. Айта кетейік, Усейн Болт Бейжің, Лондон, Рио Олимпиадаларының барлығы тоғыз алтын медаль жеңіп алған.
Бөлісу:
Усейн Болт Бейжің Олимпиадасының алтынын қайтарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар