Жаңалықтар
1 мин оқу 410

Шетелдіктер қазақ мәдениетімен танысады

Алматыда өтіп жатқан  XXVIII қысқы Универсиада  спорт сайыстарына арналған дүбірлі дода ғана емес,  қазақтың ұлттық дәстүрін, мәдениетін шетелдіктерге жан-жақты  таныстыратын үлкен мүмкіндік. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер  домбыраның  қоңыр үніне құлақ түріп,  күй құдіретіне қол соғатын болады.

Шетелдік қонақтарға  ұлттық өнерді, төл мә­де­ниеті­мізді насихаттау мақсатында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы бірқатар мә­дени іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Яғни 31 қаңтар күні Қазақстан Респуб­ли­касы Мемлекеттік үр­мелі аспаптар оркестрінің «Универ­сиада-2017» –  Шыңға бас­тайтын жол!» атты кон­церті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков.

Ал 3 ақпан күні көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Демеуов болып табылатын Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының «Универсиада-2017 әнұрандары» атты концерті өтеді.

Осылайша, шетелдіктер  әсем Алматының көрікті жерлерін  аралап, қазақ халқының қонақжайлылығына куә болып, ұлттық өнердің  ұлылығына тәнті болады деген сенімдеміз.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Шетелдіктер қазақ мәдениетімен танысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар