Жаңалықтар
1 мин оқу 284

Іле Алатауында қар көшкіні жүруі мүмкін

Іле Алатауында қатты қар аралас жаңбыр әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар, 1 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп ескертті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 дауылды алдын ала ескертуін негізге ала отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар  1 ақпан аралығында қар көшкіні күтіліп отырғанын ескертеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ТЖД тау шатқалдарына шықпауға шақырды.

Бөлісу:
Іле Алатауында қар көшкіні жүруі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар