Жаңалықтар
1 мин оқу 273

Юлия Путинцева Малайзиядағы турнирге қатысады

WTA «BMW Malaysian Open» турнирінің ұйымдастырушылары бәсекеге қатысатын теннисшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz. Бұл тізімде Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева да кірді. Сонымен қатар, украиналық Элина Свитолина, испаниялық Карла Суарес Наварро, франциялық Каролин Гарсия және италиялық Карин Кнапп қатысады. Айта кетейік, Путинцева бұл турнирге бірінші рет қатысайын деп тұр. Өткен жылы украиналық Элина Свитолина жеңіске жеткен болатын. «BMW Malaysian Open» турнирі 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді.
Бөлісу:
Юлия Путинцева Малайзиядағы турнирге қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар