Жаңалықтар
1 мин оқу 356

Маңызды мәселелер сөз болды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға өткізу және республикалық меншік нысандарын жекешелендіру мәселелері талқыланды.

* * *

Осы күні Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ernst & Young британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында елдегі инвес­ти­ция­лық ахуалды жақсарту, мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетіктерін дамыту және іске асыру мәселелері қаралды.

Бөлісу:
Маңызды мәселелер сөз болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар