Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Apple Үндістандағы өндірісті iPhone SE смартфонынан бастайды

Apple Inc корпорациясы алдағы айдан бастап iPhone SE атты арзан смартфондарын шығара бастайды. Телефон өндірісі Үндістанның оңтүстігіндегі Бенгалуру технологиялық хабында қолға алынады, деп жазады Reuters агенттігі.

Apple компаниясының Тайваньдағы өндірістік серіктертесі Wistron Corp корпорациясы осы бастаманың ұйытқысы болған.

Өндірістің Үндістанға орналасуы бір жағынан корпорацияның өндірістік шығындарын азайту үшін болса, екінші жағынан Қытай өнеркәсібіне қатысты Трамп саясатының ықпалы. Сонымен қатар, Үндістанның осы саладағы экспорттық әлеуеті де корпорация басшылығының қызығушылығын тудырған.

Бөлісу:
Apple Үндістандағы өндірісті iPhone SE смартфонынан бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар