Жаңалықтар
1 мин оқу 173

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кеше Қазақстан Республи­касы­ның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төраға­сының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан – Ресей сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тығы­ның қазіргі жағдайы мен даму келешегін, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ауыл шаруашылығы мен транзиттік тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Ынтымақтастық мәселелері талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар