Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Ильхам Әлиев әйелін вице-президент етіп тағайындады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әйелі Мехрибан Әлиева елдің бірінші вице-президенті болып тағайындалды, деп жазады ел президентінің ресми сайты.

Бұған дейін Мехрибан Әлиева Гейдар Әлиевтің қорын басқарып, Әзербайжан парламентінің депутаты болған.

«Мехрибан Арифқызы Әлиева Әзербайжан Республикасының Бірінші вице-президенті болып тағайындалсын", - делінген құжатта.

52 жасар Мехрибан Арифқызы мен Ильхам Әлиев 1983 жылы шаңырақ құрған.

Бөлісу:
Ильхам Әлиев әйелін вице-президент етіп тағайындады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар