Жаңалықтар
1 мин оқу 155

Балалар қорының аймақтық директорымен кездесті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров жақында тағайындалған ОШЕ/ТМД бойынша БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) аймақтық директоры Афшан Ханмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Омбудсмен мекемесі мен БҰҰ-ның Ба­ла­лар қоры арасындағы балаларға қа­тысты зорлық-зомбылық және ба­ла­ларға арналған мекемелерде олар­дың құқықтарын қорғау және ба­қы­лау саласындағы ынтымақтастық, со­ның ішінде қолданыстағы бірлескен 2016-2017 жылдарға арналған жұмыс жос­парының шеңберінде алдағы іс-ша­раларды талқылады.

Асқар Шәкіров еліміздегі бала құ­­қықтарының сақталуы туралы жағдайды және Қазақстандағы ЮНИСЕФ­ өкілдерінің қолдауымен сәт­ті жүзеге асырылған, балалардың жағ­­дайын жетілдіруге үлес қосқан жобалар туралы Афшан Ханға мәлім етті.

Кездесудің қорытындысында тараптар бала құқығын қорғау, екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру бойынша келісімге келді.

Бөлісу:
Балалар қорының аймақтық директорымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар