Жаңалықтар
1 мин оқу 175
Мұнай мен теңге қайта көтеріле бастады
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы таңғы сессиядан бері 0,26-ға төмендеп, 317,94-ке түсті.
Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 15:40-та Брент маркалы мұнай құны 0,08 пайызға қымбаттап, 51,39 долларға теңесті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең мұнай бағасы 51 доллардан төмен түсіп, 2016 жылғы 30 қарашадан бергі минимумға арзандаған еді.
Бөлісу: