Жаңалықтар
1 мин оқу 132

Ислам Бозбаев әлемдік рейтингте 15-орынға көтерілді

Бакуде өткен "Grand Slam" турнирінен кейін 12 наурызда IJF рейтингі жаңарды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. 90 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдегер атанған Ислам Бозбаев 93-орыннан 15-орынға көтерілді. Сондай-ақ, жарысты бесінші орынмен аяқтаған спортшылар да 360 ұпай қосып, көрсеткіштерін жақсартты. Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг/33 орын), Нышанбаева Севара (57 кг/33 орын), Бектасқызы Зере (70 кг/44 орын) және Амангелдиева Альбина (-78 кг/16 орын). Жаңа рейтингтегі қазақстандықтар: 60 кг Елдос Сметов – 8 (1767) Рустам Ибраев – 20 (942) Ғұсман Қырғызбаев - 33 (550) 66 кг Азамат Мұқанов – 18 (952) Жансай Смағұлов – 32 (634) Жұмаханов Елдос – 35 (610) 73 кг Дидар Хамза – 34 (594) Дастан Ықыбаев – 50 (333) 81 кг Азиз Қалқаманұлы – 50 (429) 90 кг Ислам Бозбаев – 15 (1160) -100 кг Максим Раков – 27 (780) +100 кг Ержан Шынкеев – 19 (1091)
Бөлісу: