Жекпе-жек
1 мин оқу 210
Алматыда дзюдодан халықаралық турнир өтеді
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың сыйлығына арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы fdk.kz хабарлады.

Турнирге шетелден 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 22-23 сәуір аралығында өтетін халықаралық турнирге 1997-1999 жылы туған спортшылар қатысады. Жарыс Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтеді.
Айта кетейік, Бекет Махмұтов қазіргі таңда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-презмденті қызметін атқарған.
Бөлісу: