Аймақтар
1 мин оқу 1,116

Жедел профайлинг негіздерін үйренді

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы прокуратурасында «Террористік тұрғыдан алғанда қауіпті адамдарды тану үшін жедел профайлинг әдістерінің негіздері» атты оқу-семинары ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жедел профайлинг негіздерін үйренді

Шараға 80-нен астам көші-қон полициясы мен  шекара қызметкерлері қатысты.

Оқытуды Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік қорғау қызметінің маманы жүргізді. Оқу нәтижесінде жоғарыда аталған органдардың қызметкерлері профайлинг саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болды.

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» кешенді жоспары ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Бас Прокурор және қала әкімі тараптарынан бекітілгендігін еске саламыз. Жоба елорда тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, соның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруға негіз­делген 172 шарадан құралған.

Бөлісу:
Жедел профайлинг негіздерін үйренді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар