Қазақстан
3 мин оқу 193

Дін саласына қатысты жауапкершілік күшейеді

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Министрлік құрылғаннан бергі аралықта бірінші рет өткен отырыста бұған дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар ортаға салынды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Дін саласына қатысты жауапкершілік күшейеді

Министр Нұрлан Ермек­баевтың айтуынша, аталған ведомство Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қи­мыл жөніндегі 2013-2017 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдар­ламаны іске асыруға белсене ат­салысуда. Қазіргі таңда 2017-2020 жылдарға арнал­ған мем­лекеттік бағдар­лама әзір­ленгенін де атап өткен жөн.

– Теріс идеологияларға қар­сы күреске мемлекеттік және қоғамдық ресурстар жұмыл­ды­рылды. Бірінші рет Үкіметтің іріткі салушы діни ағымдарға қатысты ұстанымы БАҚ-тар­да ашық жарияланды. Қоғам бұл ұстанымды оң қабылдады. Әлеуметтік сауалнамалар бо­йынша, қазақстандықтардың 85 пайызы теріс идеологиялардың насихатталуына қарсы екендігі белгілі болды, – деді министр.

Министр діни саладағы ахуалды реттеу, тиісті ұсыныс­тар әзірлеу мақсатында ве­домство­аралық комиссия құ­рыл­ғанын жеткізді. Бұл комиссия мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарын үйлестірумен айналысады.

Сонымен қатар, Дін іс­тері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі Қазақстан мұсыл­мандарының діни бас­қар­масы­мен арада бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандум жасас­қан. Басқа да діни бірлес­тік­тер­мен арада байланыс жолға қойылған. Қазақстан мұсыл­мандарының діни басқармасы мешіттегі бірыңғай әдеп ере­жесін әзірлеген. Бұл да халық ара­сында жиі талқыланған өзекті мәселелердің бірі болатын. Бір айта кетерлігі, осы жиында атап өтілгендей, мемлекет таза діни қа­ғи­далар мен діни бір­лес­тік­тер­дің ғұрыптарына араласпайды.

Министрлік тарапынан діни материалдардың таралуына мониторинг жасау жолға қойы­лыпты. Осылайша, өткен жылы 11 мыңға жуық сайттың мате­риалдары зерделеніп, оның мың жарымға жуығынан аран­датушылық мазмұндағы кон­тент­тер табылып, бұл сайттар сот шешімімен жабылған.

– Жыл бойы 3 мыңнан астам кітап және баспа өнімдері ны­сан­дары сараптамадан өткі­зілді. 98 материал заңға қай­шы контент деп танылды. Бас бос­тандығынан айыру орын­дары­ның барлық кітапхана қорын­дағы материалдарға да сараптама жүргізіліп, деструктивті мазмұндағы 13 кітап анықталды, – деді Н.Ермекбаев.

Бүгінде министрлік «Діни қызметтер және діни бірлес­тік­тер мәселелері жөніндегі кей­бір заңнамалық актілерге өз­гертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу үстінде. Нұрлан Ермек­баев аталған заң жобасында көзделіп отырған бірқатар негіз­гі нормаларға да тоқталып өтті.

– Қысқаша баяндайтын бол­сам, аталған заң жобасының негізгі нормалары қатарын­да, мәселен, кәмелеттік жасқа толмағандарды діни қызметке тартқаны үшін қолданылатын жауапкершілікті күшейту қарастырылған. Дін саласына қатысты заңнаманы бұзғандар үшін де жауапкершілік күшей­тілуге тиіс. Бұдан бөлек, қоғам тарапынан кәме­лет­ке тол­маған­дарға діни әде­биеттерді сатуға, мемлекеттік қыз­метшілердің жұмыс уақытында діни рәсім­дерге қатысуына шектеу қою ұсынылуда, – деді министр.

Жаңа заң жобасында мис­сионерлік қызметті реттеу, шет ­ел­де діни білім алуды рет­теу жөніндегі нормалар да бар екен. Министр айтып өткен­дей, қо­ғам тарапынан ұсынылған бұл бастамалардың барлығы да ха­лық­пен және сарапшылармен жан-жақты талқыланатын бола­ды. Сол арқылы қоғамның то­лық­қанды әрі объективті пікірін біліп, оны аталған құжатта бе­кі­ту көзделіп отыр. Жиын ба­ры­­сында сөз болғандай, бұл жұ­мыс­­тардың негізгі мақсаты – елі­­міз­дің болашақтағы қауіп­сіз­дігі мен тұрақтылығын сақ­тау­ға бағытталған. Жаңа заң жо­б­асы биылғы жылдың соңына де­йін Парламент Мәжілісіне жі­бері­леді деп жоспарланып отыр.

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Дін саласына қатысты жауапкершілік күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар