Президент
1 мин оқу 154

Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты

​ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттаху Ас-Сисиге Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты

Жеделхатта Мемлекет басшысының Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіден қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болды. 

Бөлісу:
Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар