Қазақстан
1 мин оқу 100
Министр Дәурен Абаев елордадағы сенбілікке қатысты
Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұжымы елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бұл туралы министр Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Бүгін Астананың барлық тұрғындарымен бірге Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де жалпықалалық сенбілікке қатысты. Қаламыздың тазалығы мен гүлденуіне үлес қосқанымыз үшін қуаныштымын. Мұндай шаралар елордамыздың айбынын асқақтатады!», деп жазды Дәурен Абаев.
Бүгін Парламенттің бір топ депутаттары да сенбілікке шықты. Халық қалаулылары Астананың Ұлы Дала мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында тал отырғызды.
Бөлісу: