Қазақстан
1 мин оқу 312

Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

​Көкшетауда антитеррористік оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

«3 мамыр күні Көкшетау аумағында Терроризмге қарсы орталық штабының, ҰҚКД, ІІД, ТЖД және терроризмге қарсы күрес бойынша Ақмола облыстық жедел штабына енетін өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр», - делінген хабарламада. 

Оқу-жаттығудың негізгі міндеті - террористік әрекетке қарсы операцияларды жүргізу үшін күштер мен құралдардың үздіксіз дайындығын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара байланысты нығайту. 

Қала тұрғындары өткізіліп жатқан іс-шараларға және болуы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырылады.

Бөлісу: