Қазақстан
1 мин оқу 170
Тасқын судан еліміздің екі өңірінде жол жабық
Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан жекелеген тасжолдар жабық күйінде қалуда, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.

Солтүстік Қазақстан облысында 23 сәуірден бастап «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автожолдың 525-530 шақырым аралығында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. 24 сәуірден бастап «Қарға аралына кіреберіс» облыстық маңыздағы күре жолдың 0-11 шақырым аралығы барлық көлік үшін жабық тұр.
Шығыс Қазақстан облысында 20 сәуірден бастап тюбингті құбырдың шайылып кетуіне байланысты «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырым аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабық. Айналма жол ұйымдастырылған.
Бөлісу: