Қазақстан
1 мин оқу 260

Ынтымақтастық  меморандумына қол қойды

Бейжіңде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цинхуа университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

Ынтымақтастық  меморандумына қол қойды

Меморандумның негізгі мақсаты қаржы орталығы қыз­мет­кер­лерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен білім алу жəне зерттеу жобаларын жүзеге асыру.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-ның əлемдік талаптарға сай  қаржы орталығына айналуы үшін халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау аса маңызды.
Айта кету керек, Цинхуа уни­верситеті – Қытайдағы 1911 жылы құрылған ең негізгі универ­ситеттің бірі. Осы елдегі ең негізгі 9 элиталық оқу орындарының қа­тарына енеді. Үнемі ұлттық рей­тингтің алғашқы орындарына ие болады.
«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Ынтымақтастық  меморандумына қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар