Жаңалықтар
1 мин оқу 210
ОПЕК-ке кірмейтін елдер мұнай азайтуға келісті
ОПЕК-ке кірмейтін елдер тәулігіне мұнай өндірісін 600 мың баррельге азайтуға келісті, деп хабарлайды abctv.kz порталы.
Қазақстан ертеректе қараша айындағы көлемнен түсірмейтінін мәлімдеген еді.
Аталған көрсеткіштің тең жартысы, яғни 300 мың баррельге Ресей өз мойнына алса, қалғаны ұйымға кірмейтін басқа мемлекеттерге міндеттелмек.
Келісім келер жылдан бастап өз күшіне мінеді. Сарапшылар сол уақыттан бастап қара алтын қымбаттай бастауы мүмкін екенін болжайды.
Бөлісу: