Жаңалықтар
1 мин оқу 156
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Германияның Бремерхафен қаласында хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын бірінші дивизион, «А» тобында жарыс қожайындары Германия құрамасымен өткізіп, 5:3 есебімен ұтылып қалды. Бүгін жерлестеріміз Франция командасымен сынға түседі.
Бөлісу: