Жаңалықтар
1 мин оқу 190

«Алтын бутса» иегері анықталады

Еуропалық ұлттық футбол лигасының үздік шабуылшы жүлдесі - «Алтын бутса» үшін дау жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz.

Бірінші орынға 15 гол соққан (30 ұпай)  дортмундық «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг шықты. Соңғы 4 турда оның есебінде 8 гол, оның ішінде мюнхендік «Бавариямен» ойында жеңіске жеткен, деп жазды Championat.com.

Қазіргі сәтте қазақстандық Премьер-Лиганың үздік шабуылдаушысы «Қайрат» командасындағы ивуариялық Жерар Гоу танымал жұлдыздар Эдисон  Кавани (ПСЖ), Криштиану Роналду («Реал»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити») және  Лео Мессиді («Барселона») басып озып,  22 голмен 14-орынға орналасты.

11-ші орында қарағандылық «Шахтердің» тәрбиеленушісі, борисовтық БАТЭ футболшысы Беларусь чемпионатында 28 ойында 15 гол соғып үлгерген Михаил  Гордейчук екенін атап өткен жөн.

 

Бөлісу:
«Алтын бутса» иегері анықталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар