Жаңалықтар
1 мин оқу 174

Мереке күндері қосымша жолаушылар вагоны бөлінеді

poezd Мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша вагондар бөледі, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Мереке күндері (ҚР Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл) жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында АҚ жолаушылар пойызына қосымша 80 вагон қосу туралы шешім қабылданды», - делінген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге сұранысқа ие бағыттар талданып жатыр. Сонымен бірге, қазір қосымша жолаушылар пойызын ашу мәселесі де қарастырылуда. Толық ақпарат кейінірек хабарланады.
Бөлісу:
Мереке күндері қосымша жолаушылар вагоны бөлінеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар