Жаңалықтар
1 мин оқу 320

Ақмола облысында жаңа май зауыты ашылды

Ақмола облысының Зеренді ауданында өсімдік майы шығарыла бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Гранитный елді мекенінің жанынан ашылған жаңа май зауыты тәулігіне 120 тонна шикізатты өңдеп, одан 40 тонна өнім өндіре алады. Жобаның жалпы құны – 900 млн теңге. Қазір онда маңайдағы ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Зауыт бүгін ресми түрде ашылып, алғашқы өнімдер де бүгін тұтынушыға жол тартады.

Бөлісу:
Ақмола облысында жаңа май зауыты ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар