Жаңалықтар
1 мин оқу 140

Ангела Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады

merkel Германия канцлері Ангела Меркель Берлин қаласында болған оқиғаны теракт деп атады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады. «Біз әзірге істің анық-қанығын толық білмейміз. Бірақ мұны теракт деп болжап отырмыз», – деді Меркель. Айта кетейік, кеше кешке Берлин орталығының Брайтшайдплац алаңындағы рождестволық жәрмеңкеде жүк көлігі халықты басып-жаншып өткен. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 50-ге жуық тұрғын зардап шекті. Полиция қызметкерлері көп ұзамай жүргізушіні қолға түсірді.
Бөлісу:
Ангела Меркель Берлиндегі оқиғаны теракт деп атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар