Жаңалықтар
1 мин оқу 343

Сингапурдың өнеркәсіп саласы қарқын алды

Өткен айда Сингапурдағы өнеркәсіп өндірісі көлемі күтілгеннен әлдеқайда артық болды. Бұған бүгін шыққан ресми мәліметтер дәлел, деп жазады investing басылымы.

Сингапур статистикалық департаментінің мәліметіне сай, бір жыл ішінде елдегі өнеркәсіптік өндірістің өсімі 11,9 пайызға ұлғайған. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,3 пайызға артық.

Сарапшылар жыл басында елдегі өнеркәсіптік өндірістің 1,6 пайыз ғана өсетінін болжаған еді.

Бөлісу:
Сингапурдың өнеркәсіп саласы қарқын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар