Жаңалықтар
1 мин оқу 180

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ зейнеттік жасқа толуына байланысты Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланды.

Бөлісу:
ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар