Жаңалықтар
1 мин оқу 152

Астанадан шығатын бірнеше жол жабылды

«Қазавтожол» елдегі бірқатар жолдардың жабылғандығын ескертеді. Астанадан Атбасар, Көкшетау, Жақсы кенті және Шучинск бағытындағы жолдар жабылды. 06. 40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) республикалық маңыздағы «Астана-Атбасар тас жолында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды.

01.01.0. 45-тен  ауа райының күрт нашарлауына (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) орай республикалық маңыздағы  «Астана-Көкшетау» тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

01.01. с 06-30-дан ауа райының нашарлауына байланысты ( бұрқасын, қар, боран, жолдың нашар көрінуі)  (Көкшетау.қ -Атбасар. Қ жолы (4-184 шақырымы), «Екатеринбург-Алматы» тас жолында (1247-917 шақырым.,  «Астана-Жақсы» кенті),  көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

01.01.  07-00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, қар, боран, жолдың көрінбеуі)  «Астана-Петропавл тас жолында (18-230 шақырым учаскесі Астана. қ. Шучинск. қ)  көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық.

Бөлісу:
Астанадан шығатын бірнеше жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар