Жаңалықтар
1 мин оқу 196

Павлодар облысының үздік оқушылары ЭКСПО көрмесін тамашалайды

Павлодар облысы Қашыр ауданының оқу озаттары мен республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЕХРО-2017 көрмесін тамашалайды. Бұл туралы аудан әкімі Жанат Шұғаев дарынды балалармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.

Көрме билетінен үміттілердің бірі Тереңкөл ауылдық мектебінің 4 сынып оқушысы Влад Девяткин «Ескі заттарға жаңа өмір» атты ғылыми еңбегімен облыстық байқауда топ жарды.

Сонымен қатар, Тереңкөл ауылындағы №3 мектептің 3 сынып оқушысы Ділназ Қазбай әлемнің 55 мемлекетінен 7 мың оқушы қатысқан ментальды арифметика байқауында жүлделі 3-орынға ие болды. Ол көптаңбалы сандарды көбейтіп-бөлгенде есептеу құрылғысының көмегіне жүгінбейді. Дарынды бала қазір Балиде өтетін жарысқа дайындалып жатыр.

«Юсимас бізге математиканы үздік оқуға көмектеседі. Есепті жылдам шеше отырып жоғары нәтиже көрсетеміз», – деді Ділназ Қазбай.

Бөлісу: