Жаңалықтар
1 мин оқу 130

Алматыдан 480 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 6 қаңтар, сағат 11.25-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 480 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 10,8. Магнитудасы - MPV 4.7. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ.

Бөлісу: