Қоғам
1 мин оқу 411

Көк ту қашанда қолында жүреді

<p style="text-align: justify;">Қайбір күні Түр&shy;кия еліндегі бір бауырымыз &laquo;Мы&shy;на жаңа сақи&shy;нама қа&shy;рашы, қалай екен?&raquo;, &ndash; деп хабарлама жіберген еді, көзім әлгі сары кү&shy;містен жа&shy;салған ұлт&shy;&shy;тық нақыш&shy;тағы сақи&shy;наға түс&shy;ті.</p>

д

ж

Марат досым­нан не себептен са­қи­наңды осын­дай нұс­қада жа­сат­тың деп сұра­ға­нымда: – Түркия елін­де өз ұлттық нақыш­тарын­да түрлі әшекейлер жасап, құлақ­тарына сырға, қол­дарына жү­зік тағып алып жүре­­тін түріктерді көп көрдім. Мен де осы­лай өз Отанымның туы­ның су­ретін сақинама қоямын деп шештім. Содан тапсырыс беріп жасаттым, енді осы сақинама қараған сайын туған елім, Отаным ойыма оралады. Сұраған адамдарға мен қазақпын, бұл менің елім­нің көк туы деп мақтанышпен айтамын.

Әке-шешем «Қазақ­тың көк туы біздің ар-на­мысымыз, ол әрқашанда жоғарыда болу керек!», деп үй­реткен және де әлі де үй­ретіп, айтып жүреді, мен де оны болашақта өз бала­ларыма үйретемін. Әрине, туымыз ең ал­­дымен жүректе болу керек, оны қатты құр­меттеп, сүюіміз керек! – деп жау­ап берді. Шет елде, жат жер­де жүр­ген қан­да­сы­мыз­дың әр сөзінен еліне деген сүйіс­пеншілік, са­ғыныш, пат­риот­­тық сезімі анық бай­­­­қалады. Ен­­де­ше, көк туымызды ба­­ғалап, жо­­ға­ры ұ­с­­­тай білейік, аға­йын!

Қымбат КЕРЕЙБАЙ

Астана

Бөлісу:
Көк ту қашанда қолында жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар