Қазақстан
1 мин оқу 302
Астанада антитеррористік оқу-жаттығу екі күнге созылады
<p style="text-align: justify;">Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2017 жылдың 13-14 ақпан күндері Астана қаласының аумағында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды.</p>

Аталған шаралар террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындағанда мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған. Оқу-жаттығу шеңберінде қаланың жекелеген учаскелерінде халықтың және көлік құралдарының жүріп-тұруына шектеу енгізілуі мүмкін.
Бөлісу: