Жаңалықтар
1 мин оқу 143
Сағынтаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға барды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Жұмыс сапары барысында Премьер-министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.
Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысымен танысады.
Бөлісу: